![](https://korkem28-aktobe.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/ата-аналарга.png)
«Ақтөбе қаласының білім бөлімінің» ММ мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс негізіндегі балабақшаларда бос орындардың balabaqsha.akt.kz_ сайтына жарияланатындығын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығына сәйкес барлық қалалық білім бөліміне қарасты балабақшаларда жолдама беру процесі автоматтандыру бойынша жүргізіледі.
Жолдама алу үшін balabaqsha.akt.kz_ сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану арқылы кіруге болады.
Мектепке дейінгі ұйымдар әр дүйсенбі сайын balabaqsha.akt.kz_ сайтына бос орындар салынып көрсетіледі.
Алғашқы 3 күндікте жеңілдік санатындағы кезекте тұрған ата-аналар алады.
Бұл санатқа мыналар кіреді:
➢ әскери қызметшілердің және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары;
➢ заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары;
➢ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
➢ жетім балалар;
➢ көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
➢ педагогтердің балалары;
➢ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар;
Егер жеңілдік санатындағы ата-аналар 3 жұмыс күні ішінде жолдама алмаса, онда жалпы кезекте тұрған ата-ана balabaqsha.akt.kz_ сайтына жолдама ала алады.
Қазіргі таңда автоматтандырылған жүйеге сәйкес бір балабақшадан екінші балабақшаға ауыстыру қарастырылмаған. Ата-ана электрондық (ЭЦП) қолтаңбамен balabaqsha.akt.kz_ сайты арқылы баласын қайтадан кезекке қойып, барып жүрген балабақшасына арыз жазып шығу керек. Содан кейін ғана екінші балбақшаға жолдама ала алады.
![](https://korkem28-aktobe.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/ата-аналарга-2.jpg)
Информация для родителей!
Ата -аналарға нұсқаулық!